2018 жылғы 2 қарашада Астана қаласында III Паралимпиадалық Азия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін құттықтау салтанаты өтті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

2018 жылғы 2 қарашада Астана қаласында III Паралимпиадалық Азия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін құттықтау салтанаты өтті


2018 жылғы 2 қарашада Астана қаласында Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында, 2018 жылғы 06-13 қазан аралығында Индонезияда өткен III Паралимпиадалық Азия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін құттықтау салтанаты өтті

Спортшыларды марапаттау салтанаты жаңадан бой көтерген Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында өтті, аталған іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиадалық комитетінің президенті Қайрат Боранбаев қатысты.

Арыстанбек Мұхамедиұлы Индонезияда өткен Паралимпиадалық Азия ойындарында Қазақстан құрамасының жоғары деңгейдегі нәтижелерге қол жеткізіп, тамаша өнер көрсеткені үшін алғысын алғысын білдірді. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы осындай жетістіктердің ел үшін маңыздылығын атап өте отырып, біздің спортшылардың әлемдік алаңдағы спорттық жетістіктерінің трендін атап өтті. Қайрат Боранбаев жаттықтырушылардың еңбегін, сондай-ақ біздің спортшылардың жеңіске жетуіне ат салысқан барлық адамдардың еңбегін атап өтті.

III Паралимпиадалық Азия ойындарында жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізуге қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің алғыс хатымен «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК басшысы Қасқырбаев Марат Дайырұлы марапатталды.

Спортшылардың атынан еліміздің дене шынықтыру және спорт саласы басшылығына Паралимпиадалық Азия ойындарының екі дүркін чемпионы Сәлімгереев Ержан және паралимпиада чемпионы Габидуллина Зүлфия алғыс білдірді.

Аталған іс-шараға қатысқан барлық спортшылар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің алғыс хатымен марапатталды.

«Халықаралық спорттық жарыстардың тізбесін, халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу төлемдерінің мөлшерін және оларды төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1345 қаулысына сәйкес, Паралимпиадалық Азия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне біржолғы ақшалай көтермелеу көзделген.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

4 × two =