2018 жылғы 27 қарашада «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК-де аға жаттықтырушылардың атқарған жұмыстары туралы қорытынды кеңес өтті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

2018 жылғы 27 қарашада «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК-де аға жаттықтырушылардың атқарған жұмыстары туралы қорытынды кеңес өтті


Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

 – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК спортшыларының 2018 жылы спорттық іс-шараларда өнер көрсетулерінің қорытындылары;

–  аға жаттықтырушылардың 2018 жылы атқарған жұмыстары және аға жаттықтырушылардың 2019 жылға арналған жұмыс жоспарлары;

– 2019 жылға арналған спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспары;

– 2019 жылға арналған Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларына қосуға арналған спорт түрлері бойынша спортшылардың тізімі;

– спортшыларды даярлаудың 2019 жылға арналған жеке жоспарлары;

– спортшылардың медициналық тексеруден өтуінің нәтижелері, спортшылардың 2019 жылы тереңдетілген медициналық тексеруден өту кестесі, допингке қарсы бақылауды жүргізу және спорттық дәрігердің 2019 жылға арналған жұмыс жоспары;

– 2019 жылдың сурдлимпиялық спорт түрлері бойынша 19-шы жазғы Азия-Тынық мұхит ойындарына дайындық барысы;

– ұйымдастырушылық-кадрлық жұмыстар және спортшылармен психологиялық жұмыстар.

Аға жаттықтырушылардың атқарылған жұмысы туралы қорытынды кеңес «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК басшысы Қасқырбаев Марат Дайырұлының төрағалығымен өтті.

 

«Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК спортшыларының 2018 жылы спорттық іс-шараларда өнер көрсетулерінің нәтижелері бойынша «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК директорының орынбасары Қайырбаев Рауан Тоқтарханұлы сөз сөйледі.

Жиналыста аға жаттықтырушылардың 2018 жылы атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.

Спортшылардың медициналық тексеруден өтулерінің нәтижелері бойынша спорттық дәрігер Оспанов Қанат Мұратбекұлы баяндап өтті.

 

2019 жылдың сурдлимпиялық спорт түрлері бойынша 19-шы жазғы Азия-Тынық мұхит ойындарына дайындық барысы туралы аға жаттықтырушы Рожков Максим Васильевич баяндады.

Ұйымдастырушылық-кадр мәселелері бойынша кадр жөніндегі инспектор Ермағамбетова Айна Бақытқызы баяндама жасады.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

20 + four =