2018 жылғы 27 қарашада «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК-де Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын талқылау бойынша кездесу өтті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

2018 жылғы 27 қарашада «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК-де Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын талқылау бойынша кездесу өтті


Президенттің мақаласы шынайы қазақстандық идеологияны қалыптастыру үшін алғышарттарды жасайды.

«Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК ұжымымен болған кездесуде мекеме басшысы Қасқырбаев Марат Дайырұлы  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласы маңызды мәнге ие екендігін және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жалғастыру үшін негіз болатын маңызды оқиға болып табылатындығын атап өтті.

«Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК ұжымы алдында  «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қожахметов Шыңғыс  Шопанұлы сөз сөйледі, ол Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, елінің тарихы үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеуде үлкен мән беретіндігін атап өтті.

Өз сөзінде Шыңғыс Шопанұлы, мақалада Елбасының ұлттық тарихтың кеңістігі мен уақытын ашатындығын атап өтті. Президент Біздің жеріміз материалдық мә­де­ниет­тің көптеген дүниелерінің пайда бол­ған орны, бастау бұлағы десек, асыра айт­қандық емес. Қазіргі қоғам өмірінің ажы­рамас бөлшегіне айналған көптеген бұйым­дар кезінде біздің өлкемізде ойлап та­был­ған – деп атап өтті.

Орталық ұжымы аталған мақаланың және рухани дамудың өскелең ұрпақ арасындағы маңыздылығы мен өзектілігін ерекше атап өтті.

 

 

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

ten − 4 =