2018 жылғы 29 қарашада Астана қаласында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбына республикалық семинар-кеңес өтті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

2018 жылғы 29 қарашада Астана қаласында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбына республикалық семинар-кеңес өтті


Аталған кеңесте: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Есімов Асқар Асылбекұлы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департамент басшысының орынбасары Ким Роман Юрьевич, Халыққа қызмет көрсету бойынша Алматы аудандық № 3 бөлімнің басшысы Раимбекова Әлия Болатжанқызы, «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының спорттық бақылау инспекторы Шәкенов Жақсылық Малбақтыұлы, «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК-ның заң бөлімінің басшысы Махметова Әдел Нұрланқызы сөз сөйледі.

Барлық баяндамашылар, Заңның 9-бабының 4-тармағына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ақпараттық және ұйымдастырушылық қызмет, түсіндіру жұмысын жүргізу арқылы іске асырылатындығын атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қызметкердің азаматтық ұстанымына, ал адалдық пен сатылмаушылық мінез-құлық нормасына айналуы тиіс. Бұл ретте қызметкерлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа деген берік иммунитет, оған деген жұртшылықтың мінеуі болмай, қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.

 

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

19 − nineteen =