2018 жылғы 6-13 қазан аралығында Джакарта қаласында (Индонезия) өткен III жазғы Азиялық Паралимпиадалық ойындардың қорытындылары. – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

2018 жылғы 6-13 қазан аралығында Джакарта қаласында (Индонезия) өткен III жазғы Азиялық Паралимпиадалық ойындардың қорытындылары.


III жазғы Азиялық Паралимпиадалық ойындарға Қазақстаннан 9 спорт түрінен 91 спортшы қатысты.

Қазақстанның құрама командасы: 5 алтын, 15 күміс және 13 қола медаль жеңіп алды (барлығы 33 медаль).

Алтын медаль иегерлері атанғандар:

Жүзу:  Сәлімгереев Ержан (S6) Атырау облысының спортшысы,  еркін стильмен 100 м қашықтықта  және еркін стильмен 50 м қашықтықта.  Габидуллина Зульфия (S 4) (1- 4)  Жамбыл облысының спортшысы,  еркін стильмен  100 м  қашықтықта. Далиев Сиязбек (S 5) (2 – 5) Астана қаласының спортшысы, баттерфляй стилімен 50 м қашықтықта, Ли Дмитрий (S10)  Атырау облысының спортшысы, еркін стильмен 400 м  қашықтықта.

 

Күміс медаль иегері атанғандар:

Жүзу: Ли Дмитрий (S10) 100 м  еркін стиль  және  (SM 10) 200 м  кешендік жүзу, Габидуллина  Зульфия  S 4 (1- 4) 50 м арқамен жүзу және  (S4) 50 м еркін стиль,  Кинах Сергей  (SB 9) 100 м  брасс  және  ( S10)  50 м еркін стиль. Ахметов Әнуар  SB13 (12-13) 100 м  брасс  және  S-12 (50 м) еркін стиль,  Ибрашев  Мансұрбек  (S11) 100 м  арқамен жүзу.

Пауэрлифтинг: Дегтярев Давид 54 кг салмақта, Қойшыбаева Раушан 67 кг салмақта, Хамаев  Рахметжан  88 кг салмақта.

Шахмат :  Қабыжанов  Болат  ( B1).

Жеңіл атлетика: Мансұрбаев  Равиль  (F 46)  ядро лақтыру.

Дзюдо:  Тұрымбетов   Азамат  66 кг салмақта.

Қола  медаль иегері атанғандар:

Жүзу : Ли Дмитрий  (S10) 100 м баттерфляй және 50 м (еркін стиль)

Ибрашев Мансұрбек  ( S11 ) 100 м  (еркін стиль)

Далиев  Сиязбек  ( S5) 50 м арқамен жүзу,  Габидуллина Зүлфия  S 5 (1-5) 200м еркін стиль, Дубилина Алина  ( S 8 ) 100 м  еркін стиль

Пауэрлифтинг:

Солодухина Алина  45 кг салмақта,  Абдыхалыкова  Гүлбану 50 кг салмақта.

Жеңіл атлетика: Харламов Сергей (Т36) ұзындыққа секіру,  Залезняк Иван

(F 36)  ядро лақтыру.

Дзюдо:  Дәулет Теміржан  73 кг салмақта.

Отырып ойнау волейболынан Қазақстанның құрама командасы 3 орынға ие болды.

Дзюдодан Қазақстанның құрама командасы 3 орынды иеленді:

Медальдық есеп бойынша қатысушы елдер: бірінші орында Қытайдың құрама командасы (319 медаль) екінші орында Кореяның құрама командасы (144 медаль), үшінші орында Иранның құрама командасы (136 медаль).

44 қатысушы елдің ішінде Қазақстан спортшыларының командасы 13 орынға ие болды.

 

 

 

 

 

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

one × three =