2018 жылы жеңіл атлетикалық көпсайыстан есту кемістігі бар мүгедек жандар арасында өткен Халықаралық турнирдің қорытындылары – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

2018 жылы жеңіл атлетикалық көпсайыстан есту кемістігі бар мүгедек жандар арасында өткен Халықаралық турнирдің қорытындылары


2018 жылғы 29 қазан – 01 қараша аралығында Бішкек қаласында (Қырғызстан) есту кемістігі бар мүгедектер арасында жеңіл атлетикалық көпсайыстан халықаралық турнир өтті.

Аталған жарыстарда Орталық Азияның үш мемлекеті: Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан спортшылары қатысты.

Аталған жарыстарда Қазақстан Республикасы құрамасының спортшылары: 5 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алды.

 

Алтын медаль иегері атанғандар:

Лактионов Дмитрий – 11.18 нәтижесімен 100м қашықтықта 1- орын, 3,58 нәтижесімен 1200м қашықтықта 1-орын және көпсайыстан жалпы есепте 1-орын.

Набоков Андрей 1-орын  (ядро лақтыру, 15.17 нәтижесімен), Абаканов Рустем 1-орын (ұзындыққа секіріс, 6.05 нәтижесімен)

 

Күміс медаль иегері атанғандар:

Лактионов  Дмитрий 2-орын (ұзындыққа секіріс, 5.86 нәтижесімен)

және 2-орын (ядро лақтыру, 10.10 нәтижесімен)

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

seventeen + sixteen =