2019 жылғы 21 наурызда Орталық қызметкерлері «Велотрек» аумағында Наурыз мейрамын мерекелеуге қатысты. – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

2019 жылғы 21 наурызда Орталық қызметкерлері «Велотрек» аумағында Наурыз мейрамын мерекелеуге қатысты.


Спорт ұйымдарының басқа да қатысушыларымен қатар, біздің қызметкерлер әртүрлі спорттық жарыстарда сайыстарға түсті.

Дәстүрлі ұлттық спорт түрлерінен бөлек армрестлингтен сайыс өтті. Орталық директоры Қасқырбаев Марат Дайырұлы осы спорт түрінде 1-ші орынды иеленіп, сөзсіз жеңіске қол жеткізді.

Лянга ойынынан бірінші орынды спорт бөлімінің басшысы Сеитбеков Қайратбек Анварұлы жеңіп алды, екінші орынды – директордың жоғары жетістіктер спорты және өңірлік даму жөніндегі орынбасары Қайырбаев Рауан Тоқтарханұлы иеленді.

Құрамында спорт бөлімінің басшысы Сеитбеков Қайратбек Анварұлы, грек-рим күресінен аға жаттықтырушы Мұқажан  Ерлан Әлиасқарұлы, еркін күрестен аға жаттықтырушы Қонысбаев Ерназар Дүйсенұлы, әдіскер Каипов Жандос Бисенбайұлы, заңгер Сақтағанова Айгүл Тұрлыбекқызы болған Орталық қызметкерлері «Арқан тарту» командалық ойынында 3-ші орынды иеленді және оларға, аталған іс-шараның ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі атынан диплом табысталды.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

5 × two =