«Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК


«Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК ұжымы 2019 жылғы 5 ақпанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына (бұдан әрі – Кітапхана) экскурсия жасады.

Экскурсия Орталық қызметкерлері білімінің мәдени-білімдік деңгейін арттыру мақсатында өткізілді.

Шолу экскурсиясы арқылы Орталық ұжымы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірімен және қызметімен, оның жасампаз идеяларымен және бастамаларымен көрнекі түрде танысты.

Кітапханада негізгі залдар және басты экспозициялар, сондай-ақ жаңа технологиялар пайдаланылатын мобильді кітапхана көрсетілді.

Бұдан бөлек, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу барысын бейнелейтін, президенттік институттың, жаңа елдің мемлекеттік құрылысының пайда болуын, заңнамалық, атқарушы биліктің түрленуін, оның басқарушылық аппаратының жетілдірілуін, әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамудағы жетістіктерін бейнелейтін жеке мұрағат құжаттары көрсетілді.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

nineteen − 8 =