Ғабит пен Мұхтардың жеңісі


Бұл күндері Ереванда есту қабілеті төмен жастар және жасөспірім балуандар арасында әлем чемпионаты өтуде. Осы жарыс барысында қос жерлесіміз Ғабит Игенбай мен Мұхтар Есенғосұлы күміс медальді мойындарына ілді.

Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының ашылға­нына аса көп уақыт бола қойған жоқ. Соған қарамастан бұл ұйым оқу-жаттығу жиындарын жүйелі түрде ұйымдастырып, мүгедек спортшылардың халықаралық жарыстарға бабында баруына септігін тигізуде. Әлем чемпио­наты қарсаңында арнайы қаржы бөлініп, Алматыда екі рет оқу-жаттығу жиыны ұйымдасты­рылды. Балуандар алғашқыда Алатаудың биігінде дене күшін нығайту жаттығуларын өткізсе, екінші мәрте боз кілемде белде­сіп, өз дайындықтарын жетіл­дірді. Сапалы өткен бұл оқу-жаттығу жиыны өз нәтиже­сін беруде. Атап айтсақ, осы орталық атынан Арменияның астанасына екі бапкер мен тоғыз балуан аттанды. Жерлестеріміздің алғашқы қадамдары сәтті болып, тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған әлем чемпионатының қос күміс медалі Қазақ елінің еншісіне бұйырды. Қазіргі кезде екі бірдей шәкірті жүлдегер атанған жас бапкер Ерлан Мұ­қажанов бауырымыз бөркін аспанға атып қуануда. Байрақты бәсекеде ұлттың намысын қолдан бермеген Мұхтар мен Ғабиттің боз кілемдегі мерейлі жеңістері жалғасын таба бергей деп тілейміз. Енді еркін күрес шеберлері өз жарыстарын бас­тайды. Ерназар Қонысбаев баптаған үш балуанымыз бүгін боз кілемге шығады.

Айдын Анапин
Ереваннан арнайы «tagdyr.kz» үшін

1 пікір

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

seven − 4 =