Ахметова әлемнің қола жүлдегері

Италияның Рим қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатынан сүйінші хабар алдық. Тараздық биші Наргиз  Ахметова қола жүлдегер атанды.

Әлем чемпионатының қола жүлдегері Наргиз Ахметова.

Әлем чемпионатының қола жүлдегері Наргиз Ахметова.

Әлем чемпионатының қорытынды нәтижесі әлі жарияланған жоқ. Бізге белгілі болғаны арбамен билеуден Ұлттық құрама команданың белді мүшесі, бұған дейін Әлем Кубогында жүлдегер атанған Наргиз Ахметованың қола жүлдені жеңіп алғаны.

Ардақ Отарбаев пен Айдана Бегленова

Әлем чемпионатында өнер көрсеткен Ардақ Отарбаев пен Айдана Бегленова

Ардақ Отарбаев пен Айдана Бегленова

Әлем чемпионатында өнер көрсеткен Ардақ Отарбаев пен Айдана Бегленова

Тараздық бишілер ұстазы Факия Шикованың дарынды шәкірті Наргиз аталмыш жетістікке «Фристайл 2-класс» би сынағы бойынша қол жеткізген. Бұл – әйелдер арасындағы жеке билеу жарысы. Осы би түрінен бас жүлде ресейлік Галина Рыжковаға бұйырған. Күміс жүлдені біздің биші қызымыздан сәл басымдықпен озған украиналық Олена Чинка иемденіпті.

Әлем чемпионатында төреші болған тұңғыш қазақ қызы – ҚР «Қазіргі заманғы және спорттық би» федерациясының Президенті, Қазақстан спорттық би құрамасының бас бапкері Әлия Түсіпбекова

Әлем чемпионатында төреші болған тұңғыш қазақ қызы –
ҚР «Қазіргі заманғы және спорттық би» федерациясының Президенті, Қазақстан спорттық би құрамасының бас бапкері Әлия Түсіпбекова

Италияда өткен биылғы  Әлем чемпионатындағы тағы бір қуанышты жаңалық – ҚР «Қазіргі заманғы және спорттық би»  федерациясының Президенті, Қазақстан спорттық би құрамасының бас бапкері Әлия Түсіпбекованың Әлем чемпионатында төреші болуы. Бұған дейін қазақстандық паралимпиада бапкерлерлерінің ешбірі әлемдік деңгейдегі жарыстарда әділқазы болмағанын ескерсек, Әлия Майданқызының Әлем чемпионатында төреші болуы – Қазақстан паралимпиада спорты тарихындағы елеулі оқиға дер едік.

Қорытынды нәтижелер алдағы күндерде жарияланады.

Төлеген Жәкітайұлы,
«tagdyr.kz» тілшісі

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

16 − 16 =