Әлем чемпионатынан 3 қола медаль бұйырды

Глазгодағы Әлем чемпионатынан қола медаль иеленген жүзуші Әнуар Ахметов.

Глазгодағы Әлем чемпионатынан қола медаль иеленген жүзуші Әнуар Ахметов.

13-шілдеде басталған Әлем чемпионаты кеше аяқталды. Қазақстан құрама командасына бұйырғаны 3 қола медаль. Бір қола медальды Әнуар Ахметов олжалады.

Бұған дейін біз Зүлфия Ғабидуллинаның Қазақстан қоржынына қос қола медаль салғанын хабарлаған болатынбыз. Кейінгі күнгі бәсекелерде Сиязбек Дәлиев, Мансұрбек Ибрашев, Андрей Афанасьев, Михаил Еременко және Наталья Звягинцева жүлделі орындардан көріне алмады. Тек ақырғы сайыстарда саңлақ жүзгішіміз Әнуар Ахметов қана тағы бір қола медальды қанжығасына байлады. Әнуар бұл жүлделі орынды 100 метрге брасс әдісімен жүзу жарысында иеленді.
Сөйтіп, Ұлыбританияның Глазго қаласында өткен Әлем чемпионатынан біздің командаға бұйырғаны 3 қола медаль ғана. Аталмыш паралимпиадашылар бәсекесіне Қазақстан құрама командасын бастап барған бапкер Наталья Манохина. Өткен жылдан бері халықаралық бәсекелердің бәрінен «алтынмен» оралған жүзушілеріміздің биылғы ең сәтсіз сапары осы болды. Мамандардың пікірінше, бұл сәтсіздіктің бір ұшы бас бапкер Владимир Загороднийдің сырқаттанып қалуымен де байланысты көрінеді. Қалай десек те, сонша үміттенген Әлем чемпионатының «алтыны» мен «күмісі» көзімізден бұл-бұл ұшты.

Төлеген ЖӘКІТАЙҰЛЫ,
«tagdyr.kz» тілшісі

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

seventeen − nine =