Қытай елінде есту қабілеті төмен спортшылар арасында өтіп жатқан Азия-Тынық мұхит ойындары енді қарқын алған сыңайлы. Бұған дейін біз алғашқы жүлделер жайлы айтқан болатынбыз. Еске салып өтсек, біздің спортшыларымыз төртінші күнгі жарыс қорытындысы бойынша 6 күміс, 3 қола медальды иеленіп, командалық сегізінші орынға қол жеткізген еді.
Бүгін Тайпей қаласынан нағыз сүйінші хабар келіп жетті. Әйелдер арасындағы эстафеталық жарыста қазақстандық жеңіл атлетшілер алғашқы алтын медальды қанжығаға байлапты (уақыты – 4:46,83). Эстафеталық жүгіруде бас жүлдені иеленгендер Мәдина Бекмұхамедова, Анастасия Қожақұлова, Елена Путинцева, Яна Сибирякова. Толық ақпарат алдағы күндерде жарияланады.
Әйгерім Қалиева,
ДМШТАСДО-ның аға әдіскері