Азия-тынық мұхит ойындарынан 12 медаль

Азия-Тынық мұхит ойындары аяқталдыҚытайдың Тайпей автономиялық республикасының Таюань қаласында ұйымдастырылған Азия-Тынық мұхит ойындары аяқталды. Әлемнің 33 мемлекетінен барған сурдошылар арасында қазақстандықтар сегізінші орынға табан тіреді. Ұтқан жүлде саны 12 медальға жетті.

Сегізінші рет ту көтерген сурдлимпиадашылардың сайысындағы біздің спортшыларымыздың көрсеткен өнерлері осал болған жоқ. Әсіресе, алғашқы күндері таэквандошылар мен жеңіл атлетшілер, соңынан жүзушілер жүлделерді уыстап алып шықты. Бұл сапарда тек бадминтон, футбол, үстел теннисінің спортшылары олжасыз қайтты. Ұтқан жүлделердің ұзын саны 12 медаль. Тарата айтсақ, 1 алтын, 6 күміс, 5 қола медаль.

Төрт жылда бір мәрте өткізілетін Азия-Тынық мұхит ойындарынан біздің сурдлимпиадашыларымыз қанжығаларының ең қомақты оралғаны осы жолы болды. Тарихқа көз жүгіртсек, 1996 жылы Малайзияда ұйымдастырылған бұл бәсекеге қазақстандық спортшылар тұңғыш рет қатысып, 1 күміс, 4 қола медальмен оралыпты. 2000 жылғы Азия-Тынық мұхит ойындары дәл биылғыдай Қытайдың Тайпей өңірінде өткен. Біздің сурдошылар Тайпейден бар-жоғы 2 қола медаль ұтқан көрінеді. Содан белгісіз себептермен, тек 2012 жылы Оңтүстік Кореяда болған Азия-Тынық мұхит ойындарына ғана қатысқан қазақстандықтар тұңғыш рет осы доданың алтын медалына қол жеткізген. Оған қоса 2 күміс, 5 қола медаль, барлығы 8 жүлдені уыстап қайтады.

Енді міне, араға 15 жыл салып Қытайдың Тайпей өңіріндегі Азия-Тынық мұхит ойындарына тағы қатысқан біздің сурдошыларымыз өткеннің есесін толтырып қайтқандай болды. Алғашқыда осы Тайпейден тек 2 қола медаль ғана алса, осы жолы алтын бастаған 12 медальды олжалады. Сурдлимпиадашыларымызға «Жүлде құтты болсын!» дейміз.

Азия-Тынық мұхит ойындарының бас жүлдесін 31 алтын,32 күміс,25 қола медаль ұтқан жапондықтар талассыз иемденді. Екінші орын 29 алтын, 19 күміс, 25 қола медальға қол жеткізген Тайпей автономиялық республикасына бұйырды. Ал, үшінші орынды 19 алтын, 18 күміс, 15 қола медальмен шектелген Қытай сурдлимпиадашылары алды.
Бұл тізімде Қазақстан республикасының спортшылары 1 алтын, 6 күміс, 5 қола медальмен сегізінші орыннан көрінді.

Азия-Тынық мұхит ойындарынан жүлде алған спортшылар:

Жеңіл атлетика:

Эстафеталық жүгіруден – 1 орын;

Бекмұхамедова Мәдина, Қожақұлова Анастасия, Путинцева Елена, Сибирякова Яна.

Загрутдинов Фарид , 5000 м жүгіру – 3 орын

Набоков Андрей, ядро лақтыру – 2 орын

Путинцева Елена, ядро лақтыру – 3 орын, биіктікке секіру – 2 орын, ұзындыққа секіру – 3 орын, эстафета – 2 орын

Бекмұхамедова Мадина, 100 м жүгіру – 3 орын, эстафета – 2 орын

Қожақұлова Анастасия, эстафета – 2 орын

Сибирякова Яна, эстафета – 2 орын

Таэквандо:

Әбдіраш Аян – 2 орын (58 кг.)

Кулесов Тимур – 2 орын (58-68 кг.)

Салмина Елена – 2 орын (49-57 кг.)

Жүзу:

Эстафеталық жарыстан – 3 орын;

Жасанов Нұрлан, Мұрзағалиев Ернар, Ермекпаев Марат, Фрундин Виктор

Қазақстан Республикасы құрама командасының медальдық үлесі

Спорт түрі  Алтын Күміс Қола  Барлығы Қатысқан спортшылар саны
1 Жүзу 1 1 8
2 Жеңіл атлетика 1 3 4 8 10
3 Таэквондо 3 3 3
5 Бадминтон 4
6 Футбол 13
7 Үстел теннисі 6
Барлығы 1 6 5 12 47

 

Әйгерім Қалиева,
ДМШТАСДО-ның аға әдіскері

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

6 + eight =