Азия ұландары: Біздің спортшыларымызда 2 алтын және 2 күміс


2016 жылғы шілденің 5 мен 17 аралығында Якутск (Саха Республикасы, Ресей Федерациясы) қаласында «Азия Ұландары» VI Халықаралық спорттық ойындары өтті. Пауэрлифтингтен және еркін күрестен  (сурдлимпиадалық бағдарлама) жарыстар болды. Барлығы 38 мемлекет, 45 командалар қатысты.

Іс-шара Олимпиадалық қозғалыс идеясын насихаттау, балалар-жасөспірімдер спортын дамыту және халықаралық спорттық қарым-қатынасты нығайту, спортпен достастық мақсаттарында өткізілді.

IMG-20160707-WA0018 46 кг дейін салмақ дәрежесінде Сібір Федералды Округінен Евтуйгин Сергей жеңімпаз болды, екінші орынға Оңтүстік Қазақстан облысынан Рсалы Сабыржан, үшінші орынға Саха Республикасының спортшысы Алексеев Тимофей иеленді.

Қыздар арасында 45 кг дейін салмақ дәрежесінде алтын жүлдеге  Қостанай қаласының спортшысы Қабыл Тұрсынай иеленді, ал күміс – Воронянская Светлана (Якутия-2) және қола – Куприянова Алина (Якутия-1).

IMG-20160707-WA0019Ұлдар арасында 54 кг дейін салмақ дәрежесінде Алматы облысынан Буймов Захар жеңіске жетті. Екінші орынға Саха Республикасынан Марков Мичила және үшінші орынға Иванов Григорий иеленді.

65 кг дейін салмақ дәрежесінде алтын жүлдеге Коробанев Михаил (СФО), күміс жүлдеге Алматы қаласынан Нурпеисов Мадиар иеленді.

IMG-20160707-WA0020Қазақстан құрама командасы 2 алтын, 2 күміс медальдарға иеленді.  Жалпыкомандалық есеп бойынша РФ Сібір Федералды округі 1 орын, Саха Республикасы 2 орын, ал Қазақстан 3 орын алды.

Ойындарға жалпы 3000 астам спортшылар келді. «Азия ұландары» Халықаралық спорттық ойындары тарихында осы ойындар ең ауқымды болып саналады. Келесі ойындар Монголияда болады. Жалпы, іс-шара 4 жылда бір рет өткізіледі.

 

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

five × 1 =