Бақберген Қолғанат Польшада жеңіл атлетикадан халықаралық біліктілік жарыстарында сәтті өнер көрсетті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Бақберген Қолғанат Польшада жеңіл атлетикадан халықаралық біліктілік жарыстарында сәтті өнер көрсетті


2019 жылғы 19-21 шілде аралығында Быдгощ қаласында (Польша) алғаш рет әлемдік Гран При сериясындағы жеңіл атлетика бойынша халықаралық біліктілік жарыстары өтті. Оған әлемнің 36 елінен 300-ден астам қатысушы қатысты. Қазақстан Республикасының паралимпиадалық құрама командасынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Бақберген Қолғанат (Қызылорда облысы) қатысты.

Ол біздің елімізді табысты таныстырды-бес Біріккен сыныптарда өткен ұзындыққа секіру бойынша үшінші орынға ие болды.

Әлемдік Гран При сериясындағы жеңіл атлетика бойынша халықаралық біліктілік жарыстарының соңғы күнінде Бақберген Колғанат найзаны лақтыру дисциплинасына қатысты. Нәтижесінде, 2019 жылдың 2-16 қараша аралығында Дубай қаласында (БАӘ) өтетін жеңіл атлетикадан Әлем Чемпионатына және 2020 жылы Токиода (Жапония) өтетін жазғы Паралимпиадалық ойындарына қатысу үшін нормативін қайта орындап, бесінші орынды иеленді.

Алда біздің паралимпиадалық жеңіл атлеттеріміздің ағымдағы жылдың қыркүйек айында Ақтөбе қаласында өтетін Қазақстан Республикасының Паралимпиадалық ойындарында өнер көрсетуі жоспарланып отыр.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

one × 2 =