Башқұртстан сапары

Ақпанның 20-21 жұлдызы аралығында Башқұртстан ашық чемпионаты және Башқұртстан біріншілігі өтеді.

Башқұртстанға аттанатын жастар.

Башқұртстанға аттанатын жастар.

Башқұртстанның Салават қаласында өтетін аталмыш жарыс шақыртуын қарағандылық жүзушілер қабыл алып, сапарға қамдана бастады. Барлық дәрежедегі мүгедектер арасында өтетін чемпионатқа Қарағанды қаласынан бапкер Светлана Кучина бастаған есту қабілеті төмен бес спортшы аттанбақшы. Жүзу спортында жастар көшін бастамаққа талап қылған Сәрсекей Мөлдір, Ганке Юлия, Буката Юлия, Бирюкова Алена және Фрундин Виктор 2015 жылғы алғашқы бәсекеде башқұртстандықтардың шама-шарқын байқап көрмек. Өткен жылы бұл жастар тобы Мәскеуде өткен турнирде эстафеталық жарыста 26 команда арасынан командалық төртінші орынға табан тіреген болатын. Ал, есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы 50 метрге комбинациялы жүзуде жекелей сайыста 19 жасар қарағандылық спортшы Юлия Ганке 36,78 секунд көрсеткішпен турнирдің қола медаліне қол жеткізген еді. Жастар бапкері Светлана Кучинаның бұл сапардағы мақсаты шәкірттерін көршілес елдердің додасында топ жарғызып, қанаттандырып алмақ. Қарағандылық жастардың Башқұртстандағы нәтижелерін жарыс аяқталған соң назарларыңызға ұсынамыз. Әзірге сапар сәтті болсын деп тілейік!

Әйгерім Қалиева,
ДМШТАСДО-ның әдіскері

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

sixteen + nineteen =