Берлинде 2019 жылғы 6-9 маусымда пара жүзуден өткен Әлем кубогы аяқталды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Берлинде 2019 жылғы 6-9 маусымда пара жүзуден өткен Әлем кубогы аяқталды


2019 жылғы 6 маусымнан бастап 9 маусымға дейінгі аралықта Берлин қаласында (Германия) пара жүзуден Әлем кубогы өтті.

Жарыстарға әлемнің 65 елінен және Германияның 50 клубтық командаларынан 521 мықты жүзгіш қатысты, олар әртүрлі қашықтықтар бойынша 2725 жүзуде өнер көрсетті.

Қазақстан Республикасынан ұлттық паралимпиадалық құрама команданың негізгі құрамынан және елдің өңірлерінен 15 спортшы қатысты.

Қазақстан Республикасының спортшылары келесі нәтижелерге қол жеткізді:

Габидуллина Зульфия (Жамбыл облысы) Мастерс категорияларында (1960 – 1969 ж.т. спортшылар арасында), 200 метр қашықтыққа еркін стильде, 100 м қашықтыққа еркін стильде, 50 метр қашықтыққа еркін стильде, 50 метр қашықтыққа арқамен жүзуден, 50 м браспен жүзуде және 4х100 м еркін стильдегі әйелдер арасындағы эстафеталарда, сондай-ақ 4х100 метр аралас эстафетада бір Азия рекордын орнатып, 2 алтын, 6 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды;

Советханов Нұралы (Шығыс Қазақстан облысы) 100 және 50 метр қашықтықтарда браспен жүзуде, сондай-ақ 4х100 метрге аралас жүзу және 4х50 метрге аралас жүзу эстафеталарында 2 алтын және 6 күміс медальдар жеңіп алды;

Звягинцева Наталья (Қарағанды облысы) Мастерс категорияларында (1970-1979 ж.т. спортшылар арасында) еркін стильде 200, 100 және 50 метр қашықтықтарға жүзуде, 100 және 50 метрге арқамен жүзуде, 4х100 м еркін стильмен және 4х50 метрге аралас жүзу эстафеталарында 3 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды;

Жолдасбаев Шахан (Ақтөбе облысы) 200 және 100 метр қашықтықтарға еркін стильмен жүзуде 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, ал 100 м қашықтыққа арқамен жүзуде Азия рекордын орнатты.

Сәлімгереев Ержан (Атырау облысы) 50 метр қашықтыққа баттерфляй стилінде жүзуде, 100 және 50 метр қашықтықтарға еркін стильмен жүзуде 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды;

Ильюкевич Кирилл (Алматы қ.) 200 метр қашықтыққа еркін стильмен жүзуде және 4 х 100 м еркін стильдегі эстафетада 2 күміс медаль жеңіп алды;

Искра Айбек (Жамбыл облысы) 4х100 метрге аралас эстафетада 1 күміс медаль жеңіп алды;

Далиев Сиязбек (Нұр-Сұлтан қ.) 50 метр қашықтыққа арқамен жүзуде және 50 метров баттерфляй стилінде жүзуде 2 қола медаль жеңіп алды;

Рахимбекова Әлия (Карағанды облысы) 4х50 метрге аралас эстафетада 1 алтын медаль жеңіп алды, 50 метр қашықтыққа арқамен жүзуде Азия рекордын орнатты;

Афанасьев Андрей (Карағанды облысы) 50 метр қашықтыққа браспен жүзуде 1 күміс медаль жеңіп алды;

Агалаков Роман (Шымкент қ.) 50 метр қашықтықта баттерфляй стилінде жүзуде және 4х50 аралас эстафетада 2 алтын медаль жеңіп алды;

Ли Дмитрий (Атырау облысы) 4х100 метрге аралас эстафетада 1 күміс медаль жеңіп алды.

Паражүзуден ҚР ұлттық паралимпиадалық құрама командасы өз қоржынына барлығы 8 алтын, 19 күміс және 11 қола медаль әкелді, сондай-ақ 4 Азия рекордын орнатты.

Спортшылардың барлық нәтижелері Халықаралық Паралимпиадалық Комитеттің (IPC) 2019 жылғы халықаралық рейтингіне енгізілетін болады.

2018-2019 жылдардағы жарыстардың нәтижелері бойынша Қазақстанның 12 спортшысы 2019 жылғы Әлем чемпионатының «А» нормативтерін орындады және ағымдағы жылдың қыркүйек айында Лондон қаласында (Ұлыбритания) өтетін аталған жарысқа қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

two × 1 =