Бүгін жүзушілер жүлделі болды

Аяқталуға таяу қалған Қытайдағы Азия-Тынық мұхит ойындарында біздің жүзушілеріміз қола жүлдені иеленіп, командалық үшінші орынға қол жеткізді.

Қытайдың Таюань қаласында есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын Азия-Тынық мұхит ойындары ертең кешке мәресіне жетпек. Қазақстандық сурдоспортшылардың осы дүбірлі додадан олжалаған жүлдесі аз емес. Алғашқы жүлделерді алған таэквандошылар мен жеңіл атлетшілер болатын.  Бұған дейін олар 1 алтын,  6 күміс, 3 қола медальды иеленіп, командалық сегізінші орынға табан тіреген еді.

Азия-Тынық мұхит ойындарының қола жүлдегері атанған жүзушілер: Жасанов Нұрлан, Мырзағалиев Ернар, Ермекпаев Марат, Фрундин Виктор. Ортада «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының» атқарушы директоры Жұмажан Шалабайұлы Имаяқов.

Азия-Тынық мұхит ойындарының қола жүлдегері атанған жүзушілер: Жасанов Нұрлан, Мырзағалиев Ернар, Ермекпаев Марат, Фрундин Виктор. Ортада «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының» атқарушы директоры Жұмажан Шалабайұлы Имаяқов.

Бүгін тағы бір жақсы жаңалық келіп жетті. Жүзуден ерлер арасындағы эстафеталық жарыста біздің жігіттердің жолы болыпты. Құрамында Жасанов Нұрлан, Мырзағалиев Ернар, Ермекпаев Марат, Фрундин Виктор есімді спортшылар бар жүзушілер 4х100 метрлік (уакыты: 4:14,77 сек.) қашықтық бәсекесінде қола жүлдеге қол жеткізіп, командалық үшінші орынды иеленіпті. Бұл спорт түрі бойынша бірінші орын Жапон, екінші орын Қытай командаларына бұйырған.

Сонымен, біздің спортшыларымыздың Азия-Тынық мұхит ойындарынан әзірге иеленгені 1 алтын, 6 күміс, 4 қола медаль. Қорытынды нәтижелер қазанның 11-жұлдызында белгілі болады.

Әйгерім Қалиева,
ДМШТАСДО-ның аға әдіскері

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

two × 4 =