«Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК-ның 2018 жылдың бірінші жарты жылдығына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингіні нәтижелері бойынша анықтама – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

«Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК-ның 2018 жылдың бірінші жарты жылдығына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингіні нәтижелері бойынша анықтама


«Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК-ның 2018 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындыларына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілген  мониторингтың нәтижелері бойынша:

 

  1. Кіріспе бөлім

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабына сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасының жай-күйіне, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауы мен бағалауына қатысты ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтап-қорыту, талдау және бағалау жөніндегі қызметі.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтың мәні – Орталықтың қызметі болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің негізгі міндеті – Орталықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметін зерттеу және бағалау болып табылады.

Орталық жедел басқару құқығындағы, мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг Орталықта өтті.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің өткізілген мерзімі: 2018 жылдың бірінші жарты жылдығы.

 

  1. Ақпараттық-талдамалық бөлім

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесін:

2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды;

3) заңдық сараптама жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтауды;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыруды және сақтауды;

5) қаржылық бақылауды;

6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді;

7) мүдделер қақтығысын болғызбауды және шешуді қамтиды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша әр субъектінің міндеті болып табылады.

Заңның 9-бабының 4-тармағына сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ақпараттық және ұйымдастырушылық қызмет түсіндіру жұмысын өткізу арқылы іске асырылады, оның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру болып табылады, және ол Орталықтың әр қызметкерінің азаматтық ұстынымы болуы тиіс, ал адалдық пен сатылмайтындық – әр азамат үшін қылыпты жағдай болуы қажет. Орталық, қызметкерлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты иммунитет, оған бұқаралық түрде сөгіс жасау болмаса, қажетті нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмайтындығын түсінеді. Әр қызметкерге сыбайлас жемқорлықпен күрестің қағидаларын жеткізу арқылы, Орталықта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жоспарланып отыр. Орталық, заманауи қорғамның бөлігі бола отырып, әлеуметтік пайдалы қоғамды құруға өз үлесін қосуға ұмыталды. Орталықта, тұлғаның рухында қазақстандық патриотизмді дамытудың және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың маңыздығын түсіне отырып, ағымдағы жылдың екінші жартысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту семинарларды, дөңгелек үстелдерді өткізуді жоспарлар отыр. Республика аумағын толығымен қамтитын Орталықтың бұқаралық ақпарат құралдары, атап айтқанда, Орталықтың интернет-сайты, күнделікті қызметінде сыбайлас жемқорлықты қоғамдық тұрғыдан қабылдамау атмосферасын қамтамасыз етеді, қазақстандықтарда белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруда белсенді үлес қосуда, сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізге алынатын қағидаттарын түсіндіре отырып, аталған проблеманы интернет-сайттарда жоспарлы түрде және мақсатты түрде жариялау арқылы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ісінде қазақстандықтардың белсенді қатысуын қамтамасыз етеді.

Орталық интернет-сайттан, сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтарды жою бойынша қабылданатын шараларды жариялап отырады. Осылайшағ 2018 жылдың бірінші жарты жылдығынан бастап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрсу тақырыбына арналған бейнеролик жарияланды.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңнамалық сараптама өткізген кезде, сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларға,  негізгі қызмет мәніне қатысты, сондай-ақ қызметінің мәні шеңберінде іске асырылатын мақсаттар мен міндеттерге сәйкес, Орталық бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырмайды және жеке және заңды тұлғаларға мемлкеттік қызметтер көрсетпейді.

Орталық, спорт саласында, дене мүмкіндігі шектеулі тұлғалар арасында қызметтің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

Қадағалау кезеңінде, Орталық қабылдаған және сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормаларды анықтау бойынша Орталық қызметіне қатысты Орталық қабылдаған ішкі нормативтік құжаттарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг өткізді. Өткізілген мониторинг нәтижелері бойынша Орталықтың ішкі нормативтік құжаттарында сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін  дискрециялық өкілеттіктер мен нормаларды анықталған жоқ.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында Орталықта, қызметкерлер «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын қатаң сақтанады.

Бұдан бөлек, Орталық қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары талданды және олар штаттық кестеде көзделген барлық лауазымдарға қатысты әзірленіп, енгізілді. Осылайша, мониторинг нәтижелері бойынша, лауазымдық нұсқаулықтарда, қызметкерлердің лауазымдық міндеттері мен құқықтарының белгіленіп, анықталғандығы көрсетілген. Лауазымдық нұсқаулықтардың ережелерінде, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жүзеге асыру тәуекелдері көзделмеген.

Қаржылық бақылауға қатысты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті өткізу, қаржылық бақылау шараларының толығымен орындалғандығын көрсетті. Басқарушылық функцияларын атқаратын лауазымды тұлғалар, Мемлекеттік кірістер департаментіне кірістер мен мүлік туралы декларацияны уақтылы тапсырып отырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерге қатысты, Заңның 12-бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер – ол заңда белгіленген және сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шектеулер, олардың негізінде мыналарға тыйым салынады:

1) мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру;

2) жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу;

3) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті өткізген кезде, жоғарыда көрсетілген шектеулерді бұзатын фактілер анықталған жоқ.

 

III. Қорытынды бөлім

Қорытынды: Өткізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг барысында, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, жұмыс тобы:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, құқық қорғау органдарының және «Нұр Отан» партиясы өкілдерін тарту арқылы Орталық қызметкерлерінің арасында семинарлар өткізу арқылы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстарды жүргізуді жалғастыруды

3) Орталық қызметкерлерінің арасында тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсынады.

 

 

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

19 + nine =