«IWAS» ойындарынан 26 медаль ұтты

Кеше «IWAS» бүкіләлемдік паралимпиада ойындары аяқталды. Бұл бәсекеден   Қазақстан паралимпиадашылары 5 алтын, 5 күміс, 16 қола медаль ұтып алып, командалық алтыншы орынды иеленді.

Нышан Омиралиев

Сол жақта 75 келі салмақта таэквандо жекпе-жегінің жеңімпазы жамбылдық Нышан Өмірәлиев.

Жарысты бесінші күні қазақтың қайсар ұлы Нышан Өмірәлиев алтын медальды талассыз иеленді. Таэквандо жекпе-жегінен 2014 жылғы әлем чемпионы, 2015 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған Нышан бауырымыз «IWAS» ойындарына нағыз бабында барған екен.  75 келі салмақта Нышанға шақ келер қарсылас табылмады. Ақтық айқаста ол ресейлік әлем чемпионы Спартак Газаевты айқын басымдықпен ұтып, еліміздің көк байрағын және бір аспандатты.

Үстел теннисінен қола жүлдегер Талғат Ерекеев пен теннисшілер командасының аға бапкері Арнұр Әбішев.

Үстел теннисінен қола жүлдегер Талғат Ерекеев пен теннисшілер командасының аға бапкері Арнұр Әбішев.

Осы уақытқа дейінгі сан додада Қазақстан мерейін көтерген жамбылдық саңлақ бапкер Саттар Бейсенбаевтың шәкірті Зүлфия Ғабидуллина «IWAS-тың» алтын медальдарын уыстап алды. Бір өзі төрт бірдей алтын медальды жұлып түсті. 50,  100 және 150 метрге еркін жүзуде, 50 метрге брасс әдісімен жүзуде Зүлфияның алдына түсер жан болған жоқ.

Сонымен, қазақстандық паралимпиадашылар «IWAS» бүкіләлемдік паралимпиада ойындарынан бас-аяғы 26 медаль ұтып, алтыншы орынды иеленді. Командалық бас жүлдені ресейліктер иеленсе, екінші орын Қытай, үшінші орын Польша паралимпиадашыларына бұйырды.

«tagdyr.kz» ақпараты

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

4 × 1 =