Жарыстың үшінші күні көптен күткен алтын жүлде қолға тиді. Қазақстан мерейін көтерген жамбылдың саңлақ бапкер Саттар Бейсенбаевтың шәкірті Зүлфия Ғабидуллина. 150 метрлік кешенді жүзу жарысында бұл қашықтықты Зүлфия 3,50 минутта өтіп, алтын медальды кеудесінде жарқыратты.
«IWAS» Бүкіләлемдік ойындарында қола медальға қол жеткізген Наталья Звягинцева мен бапкері Н. Манохина.
Осы күні жүзу жарысында қарағандылық Наталья Звягинцева қола медальға қол жеткізді. Ол 400 метрге еркін жүзу жарысында Қытай мен Венгрия спортшыларына жол беріп қойды.
«tagdyr.kz» ақпараты