Кәсіпорын туралы – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Кәсіпорын туралы

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 238 қаулысы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 133-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) құрылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық жөніндегі уәкілетті орган;
2) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні – спорт саласындағы қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге беруді;
2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2014 жылғы 13 наурыздағы
№ 238 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн толықтырулар

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

 

БАСШЫЛЫҚ


Директордың қаржы және ұйымдастырушылық қызмет жөніндегі орынбасары

 Естаев Ержан Есимханович

Ержан Есимханович Естаев 1983 жылы 5 ақпанда Семей облысы, Көкпекті ауданында дүниеге келген.

2000-2004 ж.ж. аралығында М.О. Әуезов атындағы Семей университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша яқтады. 2013 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. 2017-2019 ж.ж. Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінде «Қаржы» мамандығы бойынша тәмәмдады.

Ержан Есимханович Естаевтың еңбек жолы 2004 жылдан басталды.

2004-2006 ж.ж. №5 мектеп-интернатында Семей қаласында дене шынықтыру пәнінің оқытушысы болып жұмыс істеді.

2006-2007 ж.ж. Семей қаласындағы М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде дене шынықтыру және спорт мұғалімі болып жұмыс істеді.

2007 жылдан 2009 жылға дейін Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

2009 жылдан 2014 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт Басқармасының «Семей қаласы бойынша №2 Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарды.

2014-2015 ж.ж. Семей қаласының білім бөлімі басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2015-2022 ж.ж. аралығында Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт Басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық спорттағы дарынды балаларға арналған олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарды.

2022 жылдан 2023 жылға дейін Абай облысының дене шынықтыру және спорт Басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.