Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі туралы – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі туралы


2020 жылдың 27 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімдеме жасады.

Атап айтқанда, мемлекет Басшысы Қазақстандағы карантиндік шараларды 2020 жылдың 11 мамырына дейін ұзарту туралы хабарлады, өйткені еліміз індеттің шарықтау шегінен өткен жоқ және ахуал бұрынғысынша өте ауыр.

Бұл ретте ол атап өткендей, қабылданған шектеу шаралары оң нәтиже көрсетті және індет жаппай таралып жатқан  жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да, халықаралық сарапшылар да осы іс-қимылды оң бағалап отыр.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, тұрғындарға білікті медициналық көмек көрсету бойынша шаралар,  сондай-ақ әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, халықтың табысын сақтау үшін де арнайы шаралар қабылданып жатыр.

Мемлекет Басшысы айтқандай «Қазақстандықтар – бұл алға қойылған барлық мақсаттарына қол жеткізетін,  ұлттың нағыз патриоттары».

Карантиндік шараларды қатаң сақтайық және өз тұрғын үйімізден ерекше қажеттілік туындамаған жағдайда шықпайық.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

19 − fourteen =