Назарбаев қазақстандықтарды прагматик болуға шақырды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Назарбаев қазақстандықтарды прагматик болуға шақырды

«Егемен Қазақстан» газетінде Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланды.

Мақалада, атап айтқанда, президент үкіметтің латын алфавитіне ауысу кестесін дайындауы қажеттігін хабарлады.

Елбасы, тарихи тұрғыдан, Орта ғасырлардан бастап, қазақ тілінің қайсыбір алфавитке ауысуы саяси себептер бойынша өзгергендегін атап өтті.

Сонымен қатар, президент 2012 жылғы желтоқсан айында «Қазақстан-2050» стратегиясында латын әліпбиіне ауысу қажеттігі туралы хабарлағандығын атап өтті.

«Яғни, 2025 жылға қарай барлық іскерлік құжаттар, мерзімдік басылымдар мен кітаптар латын әліпбиімен шыға бастауы тиіс. Енді үлкен дайындық жұмыстары басталады. Үкімет латын әліпбиіне ауысу кестесін дайындауы тиіс», – деп жазған Назарбаев.

Президент, жас буында жаңа алфавит қиындықтар тудырмайтынан атап өтті, себебі мектеп оқушылары ағылшын тілін оқиды.

Жаңа графика мен алфавит стандартын 2017 жылдың соңында ғалымдар және қоғам бірлесе отырып қабылдайды.

2018 жылдан бастап мамандар орта мектептерге арналған жаңа оқулықтарды дайындауға кірісулері тиіс. Таяу арадағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуі тиіс.

Президент, жаңа алфавитке бейімделу кезеңінде бұрынғысынша кириллица қолданылатындығынатап өтті.

Сондай-ақ өз мақаласында мемлекет басшысы қазақстандықтарды көптеген бұрынғы әдеттері мен қағидаларынан бас тартып, онсыз толыққанды жаңғыру мүмкін болмайтын прагматик болуға шақырады, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Мақалада сондай-ақ ұлттық менталиттеттегі бастысын сақтай отырып, ұлттық сана-сезімнің шегін кеңейту қажеттігі туралы айтылады.

Таяу арадағы келешектің міндеттеріне жан-жақты тоқтала келе, Нұрсұлтан Назарбаев оқырманды,мемлекет пен ұлт қатып қалған металл емес, керісінше үнемі дамып отыруға қабілетті тірі ағза іспеттес болуы тиіс деген ойға әкеледі.

Ішкі жағдайларда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс басты қағида болуы тиіс.

Өмірге ілесу үшін өзгере білу керек. Осыны түсінбеген адам, үнемі артта қалып отырады.