Нұр-Сұлтан қаласындағы BI Platinum күрес залында дзюдодан оқу-жаттығу жиындары өтті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Нұр-Сұлтан қаласындағы BI Platinum күрес залында дзюдодан оқу-жаттығу жиындары өтті


2019 жылдың 2-15 тамызы аралығында Нұр-Сұлтан қаласында паралимпиадалық және сурдлимпиадалық дзюдо спорт түрінен оқу-жаттығу жиындары өткізілді.

Паралимпиалық дзюдодан оқу-жаттығу жиыны 2019 жылғы 5-8 қыркүйек аралығында Атырау қаласында өтетін дзюдодан (пара) Азия Чемпионатына дайындық аясында өткізілді. Бұл жиынға аға жаттықтырушы Лұқманов Хайролла Ануарбековичтің басшылығымен дзюдо спортшысы Шамей Ерғали қатысты.

Сурдлимпиалық дзюдодан оқу-жаттығу жиыны Гонконг қаласында (ҚХР) 2019 жылғы 1-12 қараша аралығында өтетін сурдлимпиалық дзюдодан Азия-Тынық мұхит ойындарына дайындық аясында өткізілді. Оған аға жаттықтырушы Данияров Болат Мырзагазиновичтің басшылығымен Жамбыл облысының спортшысы Түгелбаев Айдос Түгелбайұлы қатысты.

ОЖЖ жалпы физикалық дайындыққа (ҚПО), арнайы-физикалық дайындыққа (ҚПО), көмекші-физикалық дайындыққа, техникалық, тактикалық, психологиялық және техникалық-тактикалық дайындыққа, сондай-ақ татами жұмысына бағытталған.

Басты міндет – алдағы жарыстарда табысты өнер көрсету үшін жоғары жетістіктерге қол жеткізу.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

6 + sixteen =