Нұр-Сұлтан қаласындағы Паралимпиадалық жаттығу орталығында отырып ойнау волейболынан оқу-жаттығу жиыны өтті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Нұр-Сұлтан қаласындағы Паралимпиадалық жаттығу орталығында отырып ойнау волейболынан оқу-жаттығу жиыны өтті


2019 жылға арналған спорттық іс-шаралардың республикалық бірыңғай күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2019 жылғы 11-24 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы Паралимпиадалық жаттығу орталығында дене мүмкіндіктері шектеулі спортшылар арасында отырып ойнау волейболынан оқу-жаттығу жиындары өтті.

Жиындарға отырып ойнау волейболынан аға жаттықтырушы Тахауов Бауыржан Бақтықожаұлының жетекшілігімен 12 спортшы қатысты.

1. Тахауов Бауыржан – жаттықтырушы
2. Ізмағанбетов Берік
3. Иманғалиев Расул
4. Қасқабаев Ерік
5. Медеуов Шыңғыс
6. Мұқанбетқалиев Нұртау
7. Намұратов Пердебай
8. Сартаев Бауыржан
9. Сүйеуов Жанғали
10. Тәжіков Қуаныш
11. Шікібаев Ақылбек
12. Битеміров Ерлан
13. Демеуов Александр

Жиынның негізгі мақсаты – спорттық шеберлік деңгейін арттыру, ағымдағы жылдың маусым айында өтетін Азия және Океания чемпионатына қатысуға және жоғары деңгейде өнер көрсетуге функционалды және сапалы дайындық болып табылады. Жаттығуларда сондай-ақ техникалық және тактикалық әрекеттер пысықталды.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

5 × 4 =