Он бір айдың үздіктері кімдер?

Халықаралық Паралимпиадалық Комитетінің ресми сайтында жанкүйерлердің дауыс беруімен Әлем паралимпиадашыларының ай үздіктері анықталып, жарияланып тұрады.  Жақында он бірінші айдың үздік спортшысы анықталды.

Қараша айының үздік спортшысы, ирандық сұрмерген Захра Немати.

Қараша айының үздік спортшысы, ирандық сұрмерген Захра Немати.

Иранның садақшы қызы Захра Немати қараша айының ең үздік спортшысы деп танылды. Сұрмерген Захра 84 пайыз дауыс жинапты. Немістің таушаңғышысы Анна-Лена Фостер Захрадан бар-жоғы жеті дауысқа кем түсіп, екінші орынды иеленген.  Ал, украиналық дзюдошы қыз Инна Черняк үшінші орынға табан тіреген.

Шілде айының үздік спортшысы, ирандық пауэрлифтинг саңлағы Сиаманд Рахман.

Шілде айының үздік спортшысы, ирандық пауэрлифтинг саңлағы Сиаманд Рахман.

Айта кетерлігі, биылғы жылы Иранның екі паралимпиадашысы айдың үздік спортшысы деп танылды.  Шілде айында ирандық пауэрлифтинг саңлағы Сиаманд Рахман да сол айдың  үздік спортшысы деп саналған болатын.

Наурыз айының үздік спортшысы, украиналық үстел теннисшісі Максим Николенко.

Наурыз айының үздік спортшысы, украиналық үстел теннисшісі Максим Николенко.

Сонымен, 2015 жылдың қай айында кімдер «Айдың үздік спортшысы» атанды? Таныс бола жүріңіздер:

Қаңтар айында – Андрей Соул, АҚШ, тау шаңғысы;
Ақпан айында – Крис Вос, Нидерланды, сноуборд;
Наурыз айында – Максим Николенко, Украина, үстел теннисі;
Сәуір айында – Найджел Мюррей, Ұлыбритания, бочча;
Мамыр айында – Мартина Caironi, Италия, жеңіл атлетика;
Маусым айында – Эдуард Рамонов, Ресей, шағын футбол;
Шілде айында – Сиаманд Рахман, Иран, пауэрлифтинг;
Тамыз айында – Тревор Хиршфилд, Канада, регби мүгедектер арбасымен;
Қыркүйек айында – Моран Самуэль, Израиль, ескек есу;
Қазан айында – Беатрис Вио, Италия, мүгедектер арбасында семсерлесу;
Қараша айында – Захра Немати, Иран, садақ ату.

Төлеген Жәкітайұлы,
«tagdyr.kz» тілшісі.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

four × five =