Отырып ойнау волейболынан Бангкок қаласында өткен Азия және Океания чемпионатында біздің спортшылар Қазақстан Республикасының отырып ойнау волейболынан ұлттық паралимпиадалық құрама командасының қоржынына қола медаль әкелді – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Отырып ойнау волейболынан Бангкок қаласында өткен Азия және Океания чемпионатында біздің спортшылар Қазақстан Республикасының отырып ойнау волейболынан ұлттық паралимпиадалық құрама командасының қоржынына қола медаль әкелді


2019 жылғы 10-15 шілдеде Бангкок қаласында (Таиланд) ерлер командалары арасында отырып ойнау волейболынан Азия және Океания чемпионаты өтті.

Азия және Океания чемпионатына Жапония, Қазақстан, Камбоджа, Иран, Таиланд, Оңтүстік Корея және Қытай елдері қатысты. Қазақстан құрама командасы атынан 12 спортшы өнер көрсетті: Тайжиков К., Иманғалиев Р., Сартаев Б., Намұратов П., Шикібаев А., Мұқанбетқалиев Н., Ізмағанбетов Б., Сүйеуов Ж., Демеуов А., Битеміров Е., Медеуов Ш., Қасқабаев Э.

Жарыстар айналма жүйе бойынша өтті.

Жарыс нәтижелері бойынша қазақстандық спортшылар 3-ші орынға ие болды.

1 орын – Иран, 2 орын – Қытай, 3 орын – Қазақстан.

 

 

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

16 + seventeen =