Пара дзюдодан лицензиялық Гран-При нәтижелері – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Пара дзюдодан лицензиялық Гран-При нәтижелері


2019 жылғы 13-14 мамыр аралығында Баку қаласындағы (Әзірбайжан) Гейдар Алиев атындағы спорт кешенінде пара дзюдодан 2019 жылғы  Гран-При IBSA халықаралық турнирі өтті. Ол 2019-2020 жылдары өтетін төрт Гран-При сериясына кіреді.

Турнирге әлемнің 36 елінен 240-тан астам дзюдоист қатысты.

Қазақстан атынан төрт салмақ дәрежесі бойынша 7 спортшы өнер көрсетті. Қызылорда облысының спортшысы әлем чемпионы Оразалыұлы Олжас 60 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде қола медальды жеңіп алды.

Токио-2020-да біліктілік ұсынудан бөлек, жарыс сондай-ақ осы жылы өтетін өңірлік Чемпионаттарға дайындықтың маңызды бөлігі болып саналады.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

17 + 5 =