Пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасының паралимпиадалық құрамасы Алматы қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізді – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасының паралимпиадалық құрамасы Алматы қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізді


Қазақстан Республикасының құрама командасы тірек-қимыл аппараты зақымданған (ТҚАЗ) спортшылар үшін Алматы қаласында пауэрлифтингтен оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Іс-шара ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан бастап 2 ақпанына дейінгі аралықта, Алматы қаласының «Innova sport» спорт клубында өтті.

Осы, 2019 жылы алғаш рет өткен оқу-жаттығу жиыны аға жаттықтырушы Денис Орловтың басшылығымен, 2019 жылғы 5-13 ақпан аралығында Дубай қаласында (Біріккен Араб Әмірліктері) пауэрлифтингтен өтетін Әлем кубогына дайындық мақсатында өткізілді.

Оқу-жаттығу жиынын өткізудің мақсаты — арнайы дене шынықтыру, техникалық және психологиялық деңгейді арттыру, тәжірибе алу және жарыстарда өнер көрсетудің тұрақтылығына қол жеткізу, сондай-ақ спорттық ынтаны қалыптастыру болып табылады.

Жаттығуларға еліміздің әртүрлі өңірлерінен 7 атлет қатысты, соның ішінде біздің Орталықтың спортшылары – «Азия балалары-2016» халықаралық спорттық ойындардың чемпионы Буймов Захар және Паралимпиадалық Азия ойындары-2018 қатысушысы Қасмұханов Ернат қатысты.

Жиынға тәжірибелі пауэрлифтерлер, сондай-ақ жаңадан айналысып жүрген  пауэрлифтерлер де (кейбір салмақ дәрежелерінде) қатысты. Атақты спортшылардың ішінде – 2016 жылғы Паралимпиада ойындарының, 2018 жылғы Паралимпиадалық Азия ойындарының, 2018 жылғы Азия Чемпионатынының күміс жүлдегері, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген спорт шебері Қойшыбаева Раушан, 2018 жылғы Паралимпиадалық Азия ойындарының және 2018 жылғы Азия Чемпионатының қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әбдыхалықова Гүлбану, 2018 жылғы Паралимпиадалық Азия ойындарының күміс жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Хамаев Рахметжан және 2018 жылғы Азия Чемпионатынының қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Хамруллаев Нодаржан қатысты.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

nine − eight =