Пхенчхан қаласында (Оңтүстік Корея Республикасы) 5-19 наурызда XII Паралимпиялық ойындар өтеді – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Пхенчхан қаласында (Оңтүстік Корея Республикасы) 5-19 наурызда XII Паралимпиялық ойындар өтеді


Паралимпиада-2018 ойындарына Қазақстаннан қандай спортшылардың қатысатындығы белгілі болды.

«Pyeongchang 2018» XII қысқы паралимпиялық ойындарында Пхенчхан қаласының спорт алаңында еліміз атынан қатысатын спортшылардың тізімі бекітілді.

Тізімде 6 спортшы және бүкіл шаңғы қашықтығы барысында, көру қабілеті зақымданған атлетті алып жүретін 1 гид-спортшы мәлімденген.

Пхенчхан 2018 ойындарындағы спорттық делегация құрамасының тізімі:

Петренко Денис (шаңғы жарысы) Ақмола обл,  Щучинск қ.

Колядин Александр (шаңғы жарысы) СҚО, Қостанай қ.

Балтабаева Жаныл (шаңғы жарысы)  Алматы қ.

Усольцев Сергей (шаңғы жарысы және биатлон) СҚО, Петропавл қ.

Канафин Қайрат (шаңғы жарысы және биатлон) СҚО, Петропавл қ.

Герлиц Александр (шаңғы жарысы және  биатлон) СҚО, Петропавл қ.

Жданович Антон (Қайрат  Канафинді алып жүретін спортшы-гид).

Василий Коломиец ( құраманың бас жаттықтырушысы).

Паралимпиялық құраманың атлеттері маңызды ойындар алдында дайындық алдындағы маусымды белсенді өткізді. Өткен жыл Германияда оқу-жаттығу жиындарын (ОЖЖ) өткізу жағынан өте маңызды болды, ОЖЖ-ның тағы бір кезеңі Ресейде өтті. Спортшыларда жаттығуларды тіпті жаз мезгілінде де үзбеудің тамаша мүмкіндігі болды. Осы мақсаттарда Германияда біздің спортшылар ОЖЖ өту барысында, қар жабыны бар қысқы тоннельде қарқынды жаттығулар өткізді.

Техникалық база мен жабдықтауға қатысты сөз қозғайтын болсақ, атлеттердің физиологиялық қажеттіліктерін негізге ала отырып, олар үшін үздік замануи протездер, боб-шаналар арнайы дайындалды.

Кейбір атлеттердің паралимпиялық ойындарға алғаш рет қатысуларына қарамастан, Пхенчхандағы осы паралимпиялық ойындар паралимпиялық құраманың атлеттері үшін маңызды болып табылады. Біздің атлеттер өз нәтижелерін айтарлықтай жақсартты, оған қол жеткізуге 2016 жылы және 2018 жылдың басында Германия мен Финляндияда өткен көптеген жарыстар – Әлем кубоктары ықпал етті.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

5 × three =