Қапшағайда Ультра-марафон өтті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қапшағайда Ультра-марафон өтті

Алматы облысының Қапшағай қаласында (Тамғалы тас шатқалы, Іле өзені) 2017жылғы 5 – 7 мамыр аралығында кәсіби марафоншылар арасында «Ұлы дала» ультра-марафоны бойынша Халықаралық жарыс өтті.

Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Ресейден, Португалиядан, Үндістаннан, АҚШ-тан және өзге де елдерден 150-ден астам спортшы қатысты.

СДО-ның құрама командасына 2 спортшы өкілдік етті – Загрутдинов Фарид (Қарағанды облысы) және Қасенов Бахтияр (Ақмола облысы).

70 км қашықтыққа ультра-марафон бойынша 18-35 жас аралығы тобы бойынша Щучинск қаласынан есту қабілеті бойынша мүмкіндігі шектеулі спортшымыз Қасенов Бахтияр қатысты. Осы күрделі қашықтықты еңсеріп, мәреге жеткен 29 қатысушының ішінен марафоншы Қасенов Бахтияр 8:01:39 нәтижесімен жоғары 7-ші орынға ие болды.

Сондай-ақ осы жарыстарда 35 км қашықтықта есту қабілеті бойынша мүгедек-спортшы Загрутдинов Фарид қатысты және ол 6 орынға ие болды.

Қасенов Б. мен Загрутдинов Ф. – марафондық қашықтықтарға бейжай қарай алмайтын спортшылардың қатарында. Олар тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар оның шегінен тыс жерлерде дені сау спортшылар арасында өтетін марафондық жүгірулерге Қазақстан бойынша тұрақты түрде қатысып отыратын, есту қабілеті төмен бірден-бір спортшылар болып табылады.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

5 × one =