Қазақстанда армрестлингтен XIX Азия чемпионаты өтті – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстанда армрестлингтен XIX Азия чемпионаты өтті


Алматы облысының Жанашар қаласында өткен армрестлингтен Азия чемпионатына Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Иран, Түркіменстан және Моңғолиядан 600-ден астам спортшы қатысты.

Азия біріншілігі мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында өтті.

Қазақстан құрамасын 181 спортшы таныстырды, оның ішінде 128 ерлер болса  53 әйелдер. Жарыста екі жақ қолмен де күрес жүргізіліп жеке есеппен алғанда 5 ‐ түрлі санатта өтті. Олар арбамен жүретін спортшылар, пода, көру қабілеті нашар, есту қабілеті бұзылған спортшылар және бір қолымен күресетін спортшылар.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Қазақстан 1 орын, екінші Өзбекстан, үшінші орынды Иран командасы иеленді.

Айта кетейік, Азия чемпионаты жыл сайын өтеді. Армрестлингтен Қазақстан құрамасы Азия елдері арасында көшбасшы орынға ие және бірнеше жыл бойы әлемдегі үздік үштікте өз орнын бекітті.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

thirteen − 1 =