Қазақстанда следж-хоккей немесе шанадағы хоккейді дамытатын болады – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстанда следж-хоккей немесе шанадағы хоккейді дамытатын болады


Следж-хоккей қысқы Паралимпиялық ойындардың бағдарламасына кіреді
Негізі Астанада қаланған жаңа следж-хоккей командасына, жас ерекшеліктері шектеусіз, аяқтарының зақымдануы бар, барлық қатысамын деушілер үшін іріктеу жүргізілуде.

2018 жылғы 26 қаңтарда Орал қаласының Батыс Қазақстан облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы жанындағы Батыс Қазақстан облысының дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарына арналған спорт клубы жаңа қысқы спорт түрі – слэдж-хоккеймен айналысу үшін және оны алға бастыру мақсатында спорт жабдықтарын алды.
Нәтижесінде Қазақстан аталған ойынға арналған жабдықтың 14 жұбын алды және енді спорттың осы түрін біздің елде белсенді дамыту үшін барлық мүмкіндіктерге ие болды. Следж-хоккей немесе шанадағы хоккей мұз үстінде ойнайтын командалық спорттық ойын және мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған шайбалы хоккейге ұқсас ойынның түрі болып табылады. Ойынның ережесі бойынша қатысушы екі команданың мүшелері арнайы шанада отырғызылады, шайбаны таяқшамен бір-біріне бере отырып, қарсыластың қақпасына соғады және өз қақпасына шайбаны жіберіп алмауға тырысады. Қарсыластың қақпасына ең көп шайба соққан команда жеңіске жетеді.

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

ten − 8 =