ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЯН ӘБДІРАШ ТАЕКВОНДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЯН ӘБДІРАШ ТАЕКВОНДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ


Иран астанасы Тегеранда таеквондодан есту қабілеті төмен спортшылар арасында әлем чемпионаты өтуде. Оған әлемнің 20 елінен 300-ден астам спортшы қатысуда.

2017 жылғы сурдлимпиада ойындарының чемпионы, қазақстандық Аян Әбдіраш 58 келі салмақ дәрежесінде жарыстың үздік үштігінен көрініп, қола жүлдеге ие болды.

Бүгін 68 келі салмақта қазақстандық Нұрдәулет Жақып пен Максим Бездольный сынға түседі.

Айта кетейік, жарыср ерлер мен әйелдер арасында өтуде. Чемпионатқа Қазақстаннан 9 спортшы қатысуда.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

13 − 7 =