Қазақстандық дойбышылар әлем чемпионатында төрт медальды жеңіп алды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық дойбышылар әлем чемпионатында төрт медальды жеңіп алды


Болгарияның Кранево қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында дойбыдан III Әлем чемпионаты өтуде. Турнирге әлемнің 7 елінен 50-ден астам спортшы қатысуда.

Қазақстандық спортшылар 64 шаршылы дойбыдан төрт медальды жеңіп алды. Ерлер арасында көру қабілеті төмен тобындағы қазақстандық Марат Құрманбеков турнирде украиндық спортшыға бір ұпай есе жіберіп,  күміс медальға ие болды. Сондай-ақ  есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы топта  Алим Меңдібаев, Серікқали Оразалиев және Наталья Гороховалар жоғары нәтижелерді көрсетіп, жалпы командалық есепте 2-ші орынға ие болды.

Чемпионатта спорт шебері Юрий Носов пен Әлия Мұратовалар да қатысуда. Бапкерлер құрамына Зинятқыз Нүсіпбаева мен Елдос Күзербаев кірді.

Айта кетейік, 64-шаршылы дойбы бойынша әлем чемпионаты 28 тамыздан бері өтуде. 10 күнге созылатын жарыс 7 қыркүйекте аяқталмақ. Жарыстың ұйымдастырушысы Халықаралық мүгедектер дойбы комитеті (I. D. C. D.) болды.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

8 + 5 =