ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДОЙБЫШЫЛАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДОЙБЫШЫЛАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ


Анталия қаласында көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында «дойбы-100» өткен әлем чемпионатында қазақстандықтар 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медальді жеңіп алды.

Жарыста қазақстандық Юрий Носов қарсыластарына есе жібермей, өз шеберлігін көрсетіп, алтын медальді жеңіп алды. 23 жасқа дейінгі спортшылар санатында қазақстандық Данил Гайнуллин де турнирде ең көп 16 ұпай жинап, алтынды олжалады.  Толық зағип спортшылар арасында Қазақстанды Болат Жанымхан күміс медальге қол жеткізді. Сондай-ақ әйелдер арасындағы бәсекеде  Зинятқыз Нүсіпбаева жарыстың үздік үштігінен көрініп, қола жүлдеге ие болды.

Айта кетсек, дүбірлі додада Қазақстан, Түркия, Ресей, Германия, Украина, Польша, Әзірбайжан, Өзбекстан елдерінен жиналған  60-тан астам спортшы бақ сынасты.

 

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

fourteen − one =