Қазақстандық сурдошылар халықаралық ойындарда медальдерге ие болды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Қазақстандық сурдошылар халықаралық ойындарда медальдерге ие болды


Үстел теннисінен Қазақстандық сурдошылар ТМД және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына кіретін елдер арасындағы XX Халықаралық Ыстықкөл спорт ойындарына қатысуда.

Жарыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандық сурдошылар Қанат Қанқубаев пен Лаура Табжанова аралас жұптық ойындарда шеберлік көрсетіп, қола медальге ие болды. Ерлер арасындағы жұптық ойындарда  Данияр Искендиров пен Абылай Бүркітбайлар да  үздік үштіктен көрініп, 3-ші орынға табан тіреді. Сонымен қатар жеке ойындар арасындағы топта Данияр Искендиров 3 орынға ие болды.

Үстел теннисінен ел құрамасын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Серік Данияров басқарды.

Айта кетейік, ойындар Қырғызстанның Бактуу-Долонту қаласында өтіп жатыр. Жарыс 4 қыркүйекте басталды. Сегіз күнге созылатын ойындар 12-ші қыркүйекте аяқталмақ. Жарыстың басты ұраны: «Азия-достастық пен Бейбітшілік аймағы».

 


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

9 + four =