ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖҮЗУШІЛЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖҮЗУШІЛЕР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ


Өткен жексенбіде Польшаның Познань қаласында есту қабілеті бұзылған жасөспірім спортшылар арасында жүзуден халықаралық турнир аяқталды.

Жарыс қортындысы бойынша, қазақстандық жүзушілер 7 медальді қоржынға иеленді.  Атап айтқанда Әлішер Талғатов 3 алтын медаль (100 метр кешенді жүзу, 50 метр баттрфляй, 200 метр кешенді жүзу) және 1 күміс медальға (100 метр баттрфляй) қол жеткізді. Танзиля Ғазизова 100 метрлік «брасс» бойынша алтын, 100 метрге арқамен жүзуде күміс және 200 метрге кешенді жүзуде қола медалін жеңіп алды.

Жарысқа  әлемнің бес елінен Украина, Чехия, Беларусь, Қазақстан және Польшадан 80-ге жуық спортшы қатысты.

 

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

16 + nine =