Құрметті әріптестер! – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Құрметті әріптестер!


Сіздерді еліміздің сан ғасырлық тарихында мақтаныш тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алатын қазақстандықтар үшін үлкен мереке Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.

Елбасының көреген саясатының арқасында еліміз тәуелсіз ел ретінде қалыптасқан, мақсаты айқын, болашағы жарқын мемлекетке айналды.

Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдін, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Осындай шуақты да атаулы мерекеде ортақ отанымыз – Қазақстанның өсіп-көркеюі, дамуы, ел игілігі жолында көптеген табыстарға жетіп, спорт саласында атқарып жатқан еңбектеріңізге алғыс айта отырып, үлен жетістік пен табыс тілеймін.

Татулық пен бірліктің ордасы Қазақстанымыздың керегесі кең, тұғыры биік болсын!

Әрқайсыңыздың отбасыңызға бақ қонып, ырыс, құт-береке әрқашанда төріңізден орын алсын.

 

 Ізгі тілекпен,
«Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК директоры А.Тюмтеев

 

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

nineteen + four =