Құрметті ханымдар! – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Құрметті ханымдар!


Сіздерді жыл мезгілінің ең көрікті де қуанышты мезгілі көктемнің алғашқы мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларыңыз бен өздеріңізге амандық, дендеріңізге саулық, ұзақ әрі шаттыққа толы ғұмыр, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін. Атқарып жатқан еңбектеріңізде табыстарға жетіп, үлкен биiктерден көрiнулерiңiзге шын жүректен тілектеспін. Әр күн Сіздерге көктемгі сезімнің жылуын, қуанышын, бақыты мен махаббатын сыйласын!
Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, отбасының аманшылығын, еліміздің өсіп-өркендей беруін тілейміз. Өмірдегі әйел жаққан шырақ сөнбесін!

Ізгі тілекпен, «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК директоры Қасқырбаев Марат Дайырұлы

 

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

nineteen − 4 =