Раушан Қойшыбаева Риодағы Паралимпиадада күміс жүлде жеңіп алды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Раушан Қойшыбаева Риодағы Паралимпиадада күміс жүлде жеңіп алды

Қазақстан Паралимпиададағы екінші жүлдесін жеңіп алды. Ауыр атлет Раушан Қойшыбаева күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды BNews.kz.

Қойшыбаева 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде пауэрлифтингтен 113 келі нәтижемен «күміс» иеленді.

Бұл салмақта әлем рекордын орнатқан қытайлық Тан Юяо (135 келі) Паралимпиада чемпионы атанса, «қола» мысырлық Махмұд Амалға (108 келі) бұйырды.

Естеріңізге сала кетейік, Риодағы Паралимпиаданың алғашқы алтын медалін отандасымыз Зүлфия Габидуллина жеңіп алды. Ол 100 метрлік еркін жүзуден әлем рекордын жаңартты.

BNews.kz

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

fourteen + 9 =