Риода Ресей құрамасы шеттетілгендіктен Қазақстанға бір жолдама бұйырды


АСТАНА. ҚазАқапарат – Риода Паралимпиада ойындарында Ресей құрамасы шеттетілгендіктен Қазақстанға бір жолдама бұйырды.

Бұл туралы ҚР ұлттық Паралимпиада комитетінің баспасөз xатшысы Лунара Жейлан мәлім етті.

Қазақстан құрамасы сапында 11-ші спортшы болып Шымкент қаласынан дзюдошы Құралбай Орынбасар барады.

Айта кетейік, Халықаралық паралимпиялық комитет Ресей паралимпиялық комитетін біліктілігінен айырып, Ричард Маклеран басқарған Бүкіләлемдік допингіге қарсы агенттігі тәуелсіз комиссиясының баяндамасын қарау қорытындылары бойынша ресейлік спортшыларды 2016 жылғы Ойындарға қатысудан шеттетті.

7-18 қыркүйек күндері Рио-де-Жанейрода XV жазғы Паралимпиада ойындары өтеді, оған Қазақстан құрамасы да қатысады.

Лондонда өткен ойындарда Қазақстаннан 7 атлет-паралимпиадашы қатысқан болатын.

Казинформ
Автор: Жасұлан Жолдыбаев

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

five × 1 =