Шаңғы жарысынан және биатлоннан Вуокатти қаласында (Финляндия) өткен Әлем кубогының қорытындылары – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Шаңғы жарысынан және биатлоннан Вуокатти қаласында (Финляндия) өткен Әлем кубогының қорытындылары


2018  жылғы 10-19 желтоқсан аралығында Вуокатти қаласында (Финляндия) тірек-қимыл аппараты және көру мүшелері зақымданған мүгедек-спортшылар арасында шаңғы жарысынан және биатлоннан 2018 жылғы Әлем кубогы өтті.

Аталған жарысқа 21 елден 123 спортшы қатысты.

Шаңғы жарысы бойынша бірінші орынды Норвегия спортшылары, екінші орынды Канада спортшылары және үшінші орынды АҚШ спортшылары иеленді.

Биатлон бойынша бірінші орынға АҚШ спортшылары, екінші орынға Украина спортшылары және үшінші орынға Германия спортшылары ие болды.

Шаңғы жарысынан және биатлоннан өткен 2018 жылғы Әлем кубогында Қазақстан атынан өнер көрсеткен спортшылар: Әлімов  Нұрлан, Хамитов Ербол, Стассюк Владимир, Березин Юрий, Колядин  Александр, Уссольцев  Сергей, Петренко Денис, Герлиц Александр.

Спортшы Герлиц Александр шаңғы жарысы бойынша еркін стильде 5 км қашықтықта 12:13,4 нәтижесімен 5-ші орынға және биатлон бойынша 23:37.5 нәтижесімен 5-ші орынға қол жеткізді.

 

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

sixteen − 8 =