Шарджада (БАӘ) жеңіл атлетикадан 9-шы халықаралық ашық турнир аяқталды – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Шарджада (БАӘ) жеңіл атлетикадан 9-шы халықаралық ашық турнир аяқталды


Жеңіл атлетикадан 9-шы халықаралық біліктілік жарыстары Шарджа қаласында (БАӘ) 2019 жылғы 18 ақпанда басталды.

Алексей Лукутин (Қостанай облысы) 100 м қашықтықта алғашқы рет жарысты – бұл T40 класындағы жаңа сала. Бұнда да тамаша нәтижеге қол жеткізіп, күміс медальды жеңіп алды. Алексей, сондай-ақ өзінің басты саласы – «ядро лақтыруда» аса жоғары нәтижемен 1-ші орынды иеленіп, алтын медальға қол жеткізді.

Ядро лақтыруда сондай-ақ Алматы қаласының спортшысы – 2018 жылғы ПараАзия ойындарының күміс жүлдегері Мансурбаев Равиль өнер көрсетті, ол ядро және диск лақтыруда 1-ші орынға ие болды.

Қызылорда қаласының спортшысы Салимов Ислам 100 м қашықтыққа жүгіруден сондай-ақ жоғары нәтиже көрсетіп, күміс медальға ие болды.

Екінші күні де Салимов Ислам 200 метрге ақтық сында жүгіруден күміс медаль иегері атанды. Найза лақтырудан Жоламан Еламан (сондай-ақ Қызылорда қаласынан) қола медальға қол жеткізіп, 3-шы орынға ие болды. Елібаев Бағдат 800 метр қашықтыққа жүгіруден жеке рекордпен күміс медальға, ал 400 метр қашықтыққа жүгіруден қола медальға ие болды.

Біздің барлық паралимпиадашы – жеңіл атлеттеріміз Дубай қаласында (БАӘ) 2019 жылдың қараша айында өтетін жеңіл атлетикадан әлем чемпионатына қатысу бойынша нормативтерді орындады.

Жарыстарға әлемнің әр түкпірінен 36 ел қатысты, ол турнирдің маңыздылығын білдіреді. Қазақстан құрамасында жалпы есепте 9 медаль, оның 3-уі алтын, 4-уі күміс, 2-уі қола медаль.

 


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

11 + five =