Солтүстік паралимпиадасы дамып келеді


Былғы жылғы Қазақстан паралимпиадашылары чемпионатында Солтүстік Қазақстан облысының спортшылары 26 медаль олжалады. Оның ішінде 9 алтын, 10 күміс, 7 қола медаль ұтты. Ядро лақтыруда Әлия Кашмулдина, 1500 метрге жүгіруде Қайрат Қанафин, 200 метрге жүгіруде Сергей Харламов, үстел теннисінде Балта Тыркаев пен Елена Мазуренко сынды спортшылар облыстың мерейін асқақтатты.

Солтүстік облыстағы паралимпиада тынысын оқырманға жеткізбек мақсатта сол өңірдегі бірнеше маманның пікірін назарға ұсынуды жөн көрдік.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған “Үміт” спорт клубының директоры Вячеслав Латышев айтады:

– Біздің облысымызда мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы спортқа ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен, «Үміт» футбол құрамасы 2013 жылы шағын футболдан ел біріншілігінде топ жарып, бірінші орынды иеленді. Ал дәл қазір осы айдың аяғында шағын футболдан Алматыда өтетін Қазақстан чемпионатына дайындалу үстінде.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың спортқа құлшынысын арттыру бірінші – бапкердің еңбегі, әрине. Бұл бағытта Станислав Фаленвейдер 9 жыл бойы қызмет етіп келеді.

Станислав Фаленвейдер, «Үміт» футбол командасының бапкері:

– Қазір мылқау және құлағы мүкіс спортшылармен жұмыс жасау қатты қиындықтар туғызбайды. Себебі, 9 жыл – аз уақыт емес. Бұл мерзімнің ішінде әр спортшымен тіл табысуды үйрендім. Ымдаумен және  көзқарас арқылы бір-бірімізді ұғынамыз. Алғашында, әрине қиыншылықтар болды. Уақыт өте келе әр баланы түсіне бастайды екенсің.

Облысымыздағы мүгедектер арасында халықаралық спорт шеберлері атанған қос азамат да осында. Жеңіл атлетші Сергей Харламов пен сүңгуір Владимир Эрман жақында ғана мүмкіндігі шектеулі жандар арасында Сочиде өткен әлем чемпионатынан оралған болатын. Әр елден келген 800 спортшы қатысқан байқауда жерлестеріміз финалға дейін өтіпті.

Владимир Эрман, мүгедектер арасында суда жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

– Сочидегі әлем чемпионаты жоғары дәрежеде өтті. Әлемнің 34 елінен спортшылар келді. Бақталастық өте жоғары болды. Біз өз дәрежемізде жоғары көрсеткіш жасадық. Дегенмен, лицензия алуға бірнеше секундтар ғана жетіспеді. Үлкен әсермен оралдық. Көп тәжірибе жинадық.

Өңірімізде былтыр ұйымдастырылған мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы шаңғы жарысы өз дәрежесінде өткен болатын. Ол ойындарда да жерлестеріміз топ жарған. Бұдан өзге де түрлі дәрежедегі спорттық сындарда солтүстікқазақстандық мүмкіндігі шектеулі спортшылар жетістектерге жетіп жүр. Бұл бағыттағы өлшеусіз еңбегі үшін «СҚО мүгедектер спорты федерациясының» вице-министрі Бауыржан Құлжанов биыл ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің арнайы алтын орденін иеленіп, алғыс хатпен марапатталды.

Бауыржан Құлжанов, «СҚО мүгедектер спорты федерациясы» ҚБ вице-президенті:

– Солтүсітік Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спортқа деген құлшыныс артуда. Осыған сай өңірімізде бұл спорт түрі күннен-күнге қарыштап келеді.

«tagdyr.kz» ақпараты

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

14 − twelve =