«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру»


2019 жылғы 11 шілде күні «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК қызметкерлері (бұдан әрі –Орталық) Мәдениет және спорт Министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетімен ұйымдастырылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбындағы республикалық семинар-кеңеске қатысты.

Семинар-кеңестің спикерлері: Сабирбаев Данияр Бауыржанұлы – Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры, Кабылдин Айбек Мейрамханұлы – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу жөніндегі зерттеу орталығының сарапшысы, Исақұл Алан Әбдісерікұлы – Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу Басқармасының бас маманы.

Республикалық іс-шара өткізілген соң, Орталық қызметкерлеріне семинар-кеңеске қатысқандығын растайтын сертификат табысталды.


Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

ten + four =