Тоғызқұмалақ чемпионатына іріктеу


Шілденің 25-31 жұлдызында мүгедек-спортшылар арасында  тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.

IMG_7014

Қарағанды қаласында  өтетін осы елішілік чемпионатқа іріктеу өңір-өңірде басталып кетті. Жақында  тоғызқұмалақтан мүгедек-спортшылар арасында Жамбыл облысының чемпионаты өтті. Чемпионатқа Байзақ, Жуалы, Қордай, Т.Рысқұлов аудандары мен Тараз қаласынан 13 спортшы қатысты. Жарыстың басты мақсаты – тоғызқұмалақтан өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысатын үздік спортшыларды іріктеу.

жамбылЧемпионаттың қорытындысы бойынша тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында – Шолпан Суранбаева, көру қабілеті төмен мүгедек-спортшылар арасында – Гульнар Орманова және Ришат Шамиль чемпион атанды.

IMG_7033Жарыстың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері медаль және дипломдармен марапатталды.

«tagdyr.kz» ақпараты

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

five × 5 =