Үмітімізді ақтаған саңлақтар – «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК

Үмітімізді ақтаған саңлақтар


2016 жылғы 7-18 қыркүйек аралығында Бразилиялық Рио-де-Жанейрода XV Паралимпиадалық жаздық ойындары аяқталды.  Әлемнің 161 елінен 4350 спортшылар қатысты. 23 спорт түрлерінен 528 медаль жинағы ұтысқа шығарылды.

2016 жылғы жаздық Паралимпиадалық ойындарында Қазақстаннан 5 спорт түрінен – дзюдо, жеңіл атлетика, пауэрлифтинг, жүзу, садақпен атудан  он бір спортшы қатысты.

Паралимпиада қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 1 алтын (Габидуллина Зульфияның «алтын» медалі Қазақстанның Паралимпиадалық ойындарына қатысу тарихында алғашқы болып саналады) және 1 күміс медаль (Қойшыбаева Раушанның күміс медалі) жеңіп алды.

Медальдық есеп бойынша: бірінші орында – Қытай, 239 медаль (107 алтын, 81 күміс, 51 қола), екінші орында – Ұлыбритания, 147 медаль (64 алтын, 39 күміс, 44 қола), үшінші орында – Украина, 117 медаль (41 алтын, 37 күміс, 39 қола).

Қазақстан – 58 орында (1 алтын, 1 күміс).

 

Медальдық есеп

rio-results-kz

 

Пікір жазу

Әлеуметтік желі арқылы кіруге болады: 

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

11 + 2 =