Қазақстан құрама командасы 2019 жылғы 25-28 сәуір аралығында Эгер қаласында (Венгрия) пара пауэрлифтингтен өткен Әлем кубогына қатысты.
Аталған жарысқа 28 елден 118 спортшы қатысты. 28 медаль жиынтығы ойнатылды.
Қазақстан атынан өкілдік еткендер 4 спортшы – Буймов Захар, Аханова Анар, Дүйсебаева Роза, Шакиев Станислав, сондай-ақ аға жаттықтырушы Царенко Дмитрий.
Буймов Захарды 49 кг салмақ дәрежесінде юниорлар арасында жеңіп алған алтын медальімен құттықтаймыз.
Медальдық есеп бойынша жастар арасында Қазақстан командасы 2-орынға қол жеткізді.